МАТАЕВТАРҒА – БОСТАНДЫҚ!

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

Апта апты­ғы

Талап!


Жур­на­ли­стер күні мере­кесі жақын­даған сай­ын, есі­міз­ге Сей­ітқа­зы досы­мыз түседі. Оның ақжарқын мінезін, ақ пей­ілін, жур­на­ли­стер­ге деген шексіз құр­метін сағы­на­мыз. БАҚ пен билік­тің ара­сын­да дәне­кер болып жүретін қаси­етін айт­сай­шы. Ол шын мәнін­де өзінің ұйым­да­сты­рғыш қабілеті­мен, іскер­лі­гі­мен әріп­те­стерінің ара­сын­да зор құр­мет­ке ие болған тұлға. Оның ұлы­мен бір­ге бүгін­де қапа­с­та оты­рға­ны жаны­мы­зға бата­ды. Кеше интер­нет­тен Бауы­р­жан Мұқа­нов пен Вла­ди­мир Ради­о­но­втың «Мата­ев ісіне» бай­ла­ны­сты жаз­ба­ла­ры­на кезік­тім.

«Мата­ев­ты қорғау коми­теті» бел­гілі жур­на­лист, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев пен оның ұлы Әсет Мата­ев­тың ісі бой­ын­ша тер­геу амал­да­ры мен сот про­цесі бары­сын­да Қаза­қстан заң­да­ры мен кодек­с­терін 100-ден астам рет бұзу­шы­лы­ққа жол беріл­генін аны­қтаған.

Кей­бір бап­тар бір емес, бір­не­ше рет бұзы­лған. Осы­ған қараған­да, Мата­ев ісінің қол­дан жасалған­ды­ғы, таса­да тұрған түнек күш­тер­дің оны қалай­да сот­та­ту­ды мақ­сат еткен­ді­гі бай­қа­ла­ды. Қай елде де өрке­ни­ет­тілік­тің бел­гісі – сот әділ­ді­гі. Қаза­қстан­дық сот орын­да­ры да әділет­тілік­ке мүд­делі болуға тиіс.

Сон­ды­қтан қалам­гер қауым аты­нан билік пен Жоғарғы сот­тан әріп­тесі­міз Мата­ев ісінің әділет­ті түр­де қай­та қара­луын, заң­сыз түр­ме­ге тоғы­ты­лған Сей­ітқа­зы мен Әсет­тің ақта­лып, қамаудан дереу боса­ты­луын талап ете­міз!

Марат Тоқаш­ба­ев­тың ФБ-парақ­ша­сы­нан



Загрузка...

Эксперт. Значения слова эксперт в толковых словарях:

Толковый словарь Ожегова. Эксперт. - специалист, дающий заключение при рассмотрении какого-нибудь вопроса. Пример: Судебные экперт.
Ефремова Т.Ф. Толковый словарь русского языка. Эксперт. Специалист в какой-л. области знания, привлекаемый для того, чтобы высказать свое мнение, дать заключение по какому-л. делу, вопросу.

Дайджест новостей
On Top