Көптің көңілінен ШЫҚҚАН КІТАП

Тұса­у­ке­сер


Апта басын­да Ұлт­тық кіта­п­ха­на­да Қанат Тасы­бе­ко­втың «Ситу­а­тив­ный казах­ский-II» кіта­бы­ның тұса­у­ке­сері өтті.


Бұған дей­ін, автор­дың «Ситу­а­тив­ный казах­ский-І, Мир каза­хов» деп ата­ла­тын кіта­бы 15 000 дана тираж­бен жарық көріп, «Экс­перт Казах­стан» интер­нет-пор­та­лы­ның әле­умет­тік зерт­те­уі бой­ын­ша Қаза­қстан халқы­ның ұлт­тық дүни­е­та­ны­мын көр­се­тетін 100 кітап­тың қата­ры­на енген бола­тын. Кітап авто­ры өзі қазақ тілін үйре­тудің әдісте­месін дамы­тқан еңбе­гі үшін «Тіл жана­шы­ры» құр­мет бел­гісі­мен мара­пат­талған. Автор­дың алға­шқы кіта­бы­ның рес­пуб­ли­ка аймағы­на тара­луы­на біздің «ДАТ» газеті де демеу болған еді.


«Ситу­а­тив­ный казах­ский ІІ т., Диа­ло­ги» кіта­бы, аты айтып тұрған­дай, оқулы­қтарға арналған жасан­ды тақы­рып­тағы диа­лог­тар­дан тыс, нағыз өмір­де бет­пе-бет кез­де­сетін жағ­дай­дағы екі тіл­де жазы­лған сұх­бат­тар­дың аудар­ма­сын қам­ти­ды. Автор­дың айтуын­ша, «Тіл мең­ге­рудің қиын­ды­ғы мен оңай­лы­ғы оған деген көзқа­рас­тың қан­дай бола­ты­ны­на тіке­лей тәу­ел­ді сияқты. Себебі кітап түрін­де де, интер­нет бет­терін­де де толып жатқан тіл үйре­ту кур­ста­ры­ның бар­лы­ғы елдің көңілі­нен шығып жатқан жоқ. Мәсе­лен, қазақ тілін үйрен­гісі кел­ген ада­мға «Қал қалай?» деп аман­дас­саңыз, ол сөздік­тен бір­ден «қал» сөзінің мағы­на­сын оқи­ды. Ал «қал» – «адам денесін­де­гі мең» болып жазы­лған­ды­қтан, қаза­қтар­дың аман­да­суы денесін­де­гі меңді сұра­у­мен бай­ла­ны­сты екен деп ойла­уы әбден мүм­кін», – дей­ді Қанат Тасы­бе­ков.


Кітап­ты сатып алғы­сы келетін­дер мына теле­фон­дарға хабар­ла­суы­на бола­ды:


Алма­ты­да – 8 727 329−30−98, Аста­на­да – 87172 34−03−70. Алма­ты қала­сын­дағы Бөген­бай батыр көше­сі, 134 мекен-жай­ын­дағы пошта­дан сатып алуға бола­ды




Загрузка...

Эксперт. Значения слова эксперт в толковых словарях:

Толковый словарь Ожегова. Эксперт. - специалист, дающий заключение при рассмотрении какого-нибудь вопроса. Пример: Судебные экперт.
Ефремова Т.Ф. Толковый словарь русского языка. Эксперт. Специалист в какой-л. области знания, привлекаемый для того, чтобы высказать свое мнение, дать заключение по какому-л. делу, вопросу.

Дайджест новостей
On Top