Көкшетауда жоғалған 16 жасар студент қыз елордадан табылды

Көкшетауда жоғалған 16 жасар студент қыз елордадан табылды


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық полицейлер 16 жастағы колледж студентін астанадағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. Қазіргі таңда Расула Жанашева туыстарының жанында, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://td-partner.com

Ведомствоның мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыздың жоғалғаны туралы мәлімдемеден соң тәртіп сақшылары бірден кешенді іздеу шараларына кіріскен. Қала арасында қатынап, жолаушы тасымалдайтын көлік құралдары, көңіл көтеретін орындар мен басқа да халық көп жүретін жерлер тексерілді. Қыздың суреті мен сырт белгілері көрсетілген қағаздар Ақмола облысы бойынша барлық аумақтық бөлімдерге, сонымен қатар көршілес облыстарға, Нұр-Сұлтан қаласына жолданды. Бірнеше күн ішінде полицейлер іздеу жұмысын бір сәтке де үзген жоқ. Криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды.

«16 жасар Расула Жанашева кеше кешкісін астаналық бір дәмханадан табылды. Онда қыз мас күйде отырды және үйіне қайтуға қарсылық білдірді. Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған қыз әкесінің жанында», — деп мәлім етті полициядан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалардың жоғалуы әрқашан қоғамдық резонанс туғызады. Полицейлер жоғалған балаларды табу үшін орасан көп жұмыс атқарып, тер төгеді. Оған үлкен адами және техникалық ресурс жұмсалады.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысында із-түзсіз кеткен 16 жастағы колледж студентіне іздеу жарияланған еді. Жоғалған қыз соңғы рет анасымен 12 қараша сағат 16:00-де сөйлескен. Одан кейін оның телефоны өшірілген.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kokshetauda-zhogalgan-16-zhasar-student-kyz-elordadan-tabyldy_a3585969”

Похожее

Загрузка...

Эксперт. Значения слова эксперт в толковых словарях:

Толковый словарь Ожегова. Эксперт. - специалист, дающий заключение при рассмотрении какого-нибудь вопроса. Пример: Судебные экперт.
Ефремова Т.Ф. Толковый словарь русского языка. Эксперт. Специалист в какой-л. области знания, привлекаемый для того, чтобы высказать свое мнение, дать заключение по какому-л. делу, вопросу.

Дайджест новостей
On Top