10 ақпан. Туған күн иелері


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 10 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Об этом сообщает Футляр от виолончели

ЕСІМДЕР




82 жыл бұрын (1938-2004) әдебиет сыншысы, филология ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы Зейнолла СЕРІКҚАЛИҰЛЫ дүниеге келді.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. «Пионер», «Жұлдыз» журналдарында Қазақстан Жазушылар одағында, қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жауапты қызметтер атқарған.

Қазақ мемлекеттік университетінің арнаулы курстарын жүргізген. «Қазақстан» баспасының, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Парламентінің бөлім меңгерушісі болып істеген. 2001 жылдан «Раритет» баспа компаниясының бас редакторы болған.

Ғалымның жарық көрген негізгі ғылыми-зерттеу, сын кітаптарында қазақ әдебиеті, көркемөнері, мәдениеті мәселелері, ғылыми және көркемдік дүниетаным ерекшеліктері талданған. Жекелеген мақалалары неміс, татар, орыс, түрік тілдерінде жарық көрген. Р.Ролланның «14 шілде», А.Штейннің «Толас», Н.Мирошниченко мен Э.Бобровтың «Қара маржан» пьесаларын, В.Короленконың әңгімелерін аударған, көптомдық «Өнердің ықшам тарихын», «Мәдениет және өнер» сөздігі терминдерін қазақ тіліне аударушылардың бірі болған.




74 жыл бұрын (1946) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген.

1974-1976 жылдары — «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі. 1976-1979 жылдары — «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыкалық жетекшісі. 1975-1984 жылдары — Қазақ теледидары музыкалық редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Халық — талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды.

1984-1997 жылдары — Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. 1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі.

Ол «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантантасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әннің авторы.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.




59 жыл бұрын (1961) — Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқыққорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Жаңылысқызы СҮЛЕЙМЕН дүниеге келді.

Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған облысы Ақсу тәжірибе шаруашылығының жұмысшысы болып бастаған. 1983-1985 жылдары — Талдықорған облысы Чапаев орта мектебінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1986-1990 жылдары — Талдықорған облысы Ақсу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1990-1992 жылдары — Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтының студенті, Мәскеу қаласы. 1992-1994 жылдары — Талдықорған облыстық Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1997 жылдары — Талдықорған облыстық Жастар істері, спорт және туризм жөніндегі басқарма бастығының бірінші орынбасары.

Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі. 1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 1998-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2003 жылдан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметін атқарады.

2015 жылдан бері қазіргі қызметінде.




50 жыл бұрын (1970) кинорежиссёр, суретші, сценарист Рүстем Жарасқанұлы ӘБДІРАШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ол Алматыдағы көркемсурет училищесін «театр суретшісі» мамандығы бойынша тәмамдап, кино саласындағы жұмысын да суретшіліктен бастады. Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері — Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссёр Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты.

ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады.

Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссёр «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін, «Ең үздік режиссура» номинациясын («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды», басқа да фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді.

«Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. Президент стипендиясына ие болған. ҚР жастар сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының, Киносыншылардың халықаралық «ФИПРЕССИ» сыйлығының лауреаты, көптеген кинофильмдері фестивальдерде жүлдегер болды.




45 жыл бұрын (1975) – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Жолдасбекұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Құқықтану және экономист мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолы: оқытушы (1994-1995); орта мектеп директорының орынбасары (1996-2002); Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі (2002-2005); Жарма ауданы әкімінің көмекшісі (2005-2009); Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары (2009-2011); Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы (2011-2015); ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2015); «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы (2015-2017); Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2017-2018). Қазіргі қызметінде 2018 жылдың қарашасынан бері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.




30 жыл бұрын (1990) Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Раздықұлы ОРАЛОВ дүниеге келді.

1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.

Еңбек жолы: 2010-2014 жж. — Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған. 2011-2012 жж. — Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман. 2013-2014 жж. — Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман. 2014-2016 жж. — Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2018-2019 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.

2019 жылдың 12 сәуірінен — Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/10-akpan-tugan-kun-ieleri_a3612720”

Похожее

Загрузка...

Эксперт. Значения слова эксперт в толковых словарях:

Толковый словарь Ожегова. Эксперт. - специалист, дающий заключение при рассмотрении какого-нибудь вопроса. Пример: Судебные экперт.
Ефремова Т.Ф. Толковый словарь русского языка. Эксперт. Специалист в какой-л. области знания, привлекаемый для того, чтобы высказать свое мнение, дать заключение по какому-л. делу, вопросу.

Дайджест новостей
On Top